321
Бір өңірде карантин 30 мамырға дейін ұзартылды
Бір өңірде карантин 30 мамырға дейін ұзартылды
Шығыс Қазақстан облысының бас санитар дәрігері аймақтағы шектеу шаралары туралы жаңа қаулыға қол қойды, деп хабарлайды облыстық ССК ресми сайты.
Құжаттың мәтініне сәйкес, ШҚО-да карантин шектеулері 30 мамырға дейін ұзартылатын болады. Сондай-ақ, өңірдің бас санитарлық дәрігері қала әкімдеріне, сондай-ақ ШҚО басқа да мемлекеттік органдарының өкілдеріне шектеулердің іске асырылуын қатаң бақылауды тапсырды. Қаулы қол қойылған сәттен бастап күшіне енді.