50196
Жеңіс Қасымбек биыл Қарағандыда кімдерге пәтер берілетінін айтты
Жеңіс Қасымбек биыл Қарағандыда кімдерге пәтер берілетінін айтты
Қарағанды обысының әкімі Жеңіс Қасымбек биыл өңірде үй кезегінде тұрған азаматтарға 250 пәтер берілетінін Facebook-тегі парақшасында жазды.
«Бүгін жұмыс сапарымен Шахтинск қаласына барып, онда қаладағы жалғыз жылу көзі болып табылатын «Шахтинсктеплоэнерго» ЖШС жұмысымен таныстым. Шахан кентінің қазандығы мен желілерінің құрылысы аяқталғаннан кейін кәсіпорын кентке жылуды беруге жауапты болады. Қазіргі уақытта алда тұрған маңызды міндет, жазғы кезеңде жөндеу науқанын талапқа өткізу. Бұл үшін облыстық бюджеттен қазандықтар мен магистральдарды жаңғыртуға қажетті қаражат бөлінеді. Дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің құрылысымен таныстым. Бүгінгі күні сыртқы жұмыстар жасалып, су құбыры, кәріз, жылу, электр желілері жүргізілді. Нысан биылғы жылдың соңына дейін пайдалануға тапсырылуы тиіс. Мен өткен жылы тұрғындар айтқан автовокзалды қайта құру жұмыстарының іске асырылуын мұқият қадағалап отырмын. Ғимаратта жылыту жүйесі қалпына келтіріліп, аумақ асфальтталды. Шатыр, сумен жабдықтау және су бұру жүйелері жөнделді. Алда әлі көп жұмыстар бар. Бірақ осы жылдың қазан айында жаңартылған автовокзал пайдалануға беріледі деп жоспарлануда»,-деді облыс әкімі. Сонай-ақ ол сөзінде қалада әлеуметтік тұрғын үйге кезекте тұрған тұрғындардың қажеттіліктері үшін төрт көппәтерлі үй салынып жатқанын, биыл кезекте тұрған азамттарға 250 пәтер берілетінін айтты. «Сапар барысында металл өнімдерін шығаратын «Темирлайн» ЖШС кәсіпорнында болдым. «Бизнестің жол картасы-2020» бағдарламасы аясында несиелер бойынша пайыздық мөлшерлемені субсидиялау арқасында зауыт өндірісті кеңейтіп, өз өнімдерін бүкіл Қазақстан бойынша сатуды бастады. Пандемия кезінде бұл қаланың экономикалық тұрақтылығына айтарлықтай әсер етті»,-деді Жеңіс Қасымбек.