50259
Қытайда коронавирустың қайта өрши бастағаны тұрғындар арасында дүрбелең туғызды
Қытайда коронавирустың қайта өрши бастағаны тұрғындар арасында дүрбелең туғызды
Қытайдың Аньхой және Ляонин процинцияларында COVID-19 жұқтырудың жаңа оқиғалары жергілікті тұрғындар арасында дүрбелең туғызып, коронавирусқа қарсы жаппай екпе салғызуына себепші болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Global Times газетіне сілтеме жасап.
Қытайдың әлеуметтік желілерінде Аньхой провинциясының Хэфэй қаласындағы ауруханалардың біріндегі екпе салдырту пунктінің қасында орнаған адам кезегін көрсеткен видео шықты. Өткен жұма күні Хэфэй қаласында COVID-19 вирусына қарсы 364 мыңнан астам вакцина егілген. Бұл бір күнде салынған екпелер саны бойынша рекордтық көрсеткіш болды. Қытайдың екі провинциясындағы 12-ге жуық елді мекен орташа қауіптегі эпидемиологиялық аймақтар санатына ауыстырылды. Бұл коронавирус жұқтырудың жаңа расталған оқиғаларының анықталуына байланысты болған. Жұма күнгі мәлімет бойынша, Аньхой және Ляонин провинцияларында коронавирусқа шалдығудың жеті оқиғасы тіркелді.