Аптап ыстық, найзағай, бұршақ: Бірнеше өңірде ескерту жарияланды

Аптап ыстық, найзағай, бұршақ: Бірнеше өңірде ескерту жарияланды

Аптап ыстық, найзағай, бұршақ: Бірнеше өңірде ескерту жарияланды
ашық дереккөзі
50334
Қазақстанда аптап, найзағай болып, бұршақ жауады. Бұл туралы «Қазгидромет» хабарлады. 17 мамырда Түркістан облысының кей жерінде шаңды дауыл болады, шығыстан соғатын желдің күші секундына 15-20, күндіз екпіні секундына 25 метр болады деп күтіледі. Шымкентте 17 мамырда шығыстан екпіні секундына 15-20 метрге дейін болатын жел күтіледі. Батыс Қазақстан облысында күндіз оңтүстікте қатты ыстық 35 градус күтіледі. Маңғыстау облысының кей жерінде шаңды дауыл күтіледі. Оңтүстік-шығыстан жел соғады, кей жерлерде секундына 15-18 метр болады. Қостанай облысында кей жерде найзағай күтіледі. Оңтүстік-батыстан соққан жел, солтүстік-шығыс желіне ауысады, найзағай кезінде екпіні секундына 15-20 метр болады. Күндіз 36 градусқа дейін аптап күтіледі. Шығыс Қазақстан облысында күндіз кей жерде найзағай күтіледі. Солтүстік-батыстан жел соғады, күндіз күші кей жерлерде секундына 15-20 метр болады. Солтүстік Қазақстан облысының кей жерінде найзағай күтіледі. Батыстан жел соғады, кей жерлерде күші секундына 15-20 метр болады.

Серіктес жаңалықтары