Мектептерге арнайы күзет қойылмақ

Мектептерге арнайы күзет қойылмақ

Мектептерге арнайы күзет қойылмақ
ашық дереккөзі
2464
Еліміздегі білім беру мекемелері арнайы күзеттің бақылауында болады. Бұл туралы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің төрағасы Мұрат Баймұқашев айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Білім беру ұйымдарының объектілері бүгінде көбінде террористік тұрғыдан осал объектілер санатына жатқызылған. Мамыр айының басында Үкімет қаулысымен осындай объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын жаңа талаптар бекітілді. Қаулы 6 мамырда қабылданды. Енді білім беру объектілері міндетті түрде: бақылау жүйелерімен; персонал мен келушілерді хабардар ету құралдарымен; дабыл түймелерімен, мамандандырылған күзетпен, рұқсат беру жүйелерімен жарақтандырылады", - деп хабарлады Мұрат Баймұқашев брифингте.
Ол ірі қалалардағы мектептер арнайы жеке күзет ұйымдарының бақылауында болатынын айтты. ІІМ мәліметінше,  Ақмола, Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары мен Нұр-сұлтан және Алматы қалаларындағы білім беру мекемелері күзет фирмаларымен шарт жасасқан. Бүгінде олар 408 мектепті күзетеді.

Серіктес жаңалықтары