Үндістандағы індет Ресейге жетті

Үндістандағы індет Ресейге жетті

Үндістандағы індет Ресейге жетті
ашық дереккөзі
335
Ресейде "Қара зең" инфекциясы, мукормикоз тіркелді, деп хабарлайды zakon.kz Известия басылымына сілтеме жасай отырып. Басылымның ақпаратына сәйкес, бұл инфекция мұрынға, көзге және тыныс алу жүйесіне әсер етеді. Ауру мұрын қуысында және қосалқы синустарда дамиды, сонымен қатар көзге таралады, - деп атап өтілген жарияланымда. Естеріңізге сала кетейік, бұл дерт қазір Үндістанда коронавирус инфекциясымен қатар өршіп тұр. Бірақ СЗММУ клиникалық Микология, Аллергология және иммунология кафедрасының мамандары нақтылағандай, бұл індетті үндістаннан келген деп біржақты айтуға болмайды. Бұл ауру барлық елде бар. Ресейде мукормикоз сирек кездеседі. Қазір осындай бір науқас микологиялық клиникада емделуде, бәрі жақсы болады деп үміттенемін", - деді ғалым. Оның айтуынша, бірінші кезекте мукормикоз иммунитеті төмен адамдар үшін қауіпті.

Серіктес жаңалықтары