204
Әсел Айтпаеваның ісі: Тағы екі қыз адам саудасының құрбаны бола жаздаған
Әсел Айтпаеваның ісі: Тағы екі қыз адам саудасының құрбаны бола жаздаған
Тағы екі қыз адам саудалады деген күдікке ілінген Әсел Айтпаеваның жездесінің құрбаны бола жаздады, деп хабарлайды BaigeNews.kz Astana TV-ге сілтеме жасай отырып. Бұл туралы Әсел Айтпаеваның әпкесі айтып берді.
"Егер оны басқа біреу шақырса, біз оны жібермес едік. Және ол өзі де бармас еді. Біз оған туыс деп сендік. Оқиғадан кейін бізге екі қыз хабарласты, яғни олар бізге инстаграмда жазды. Бұл Мейірбеков тағы екі қызды шақырған", - деді марқұмның әпкесі Айна АйтпаеваЕстеріңізге сала кетейік, 26 жастағы Әсел Айтпаева Грузияда түсініксіз жағдайда қайтыс болды. Қазір Тбилисиде 57 жастағы Бесик Тордуа қамауда отыр. Кейінірек халықаралық келісімге сәйкес, ІІМ Грузияға жедел тергеу тобын жібергені белгілі болды. Сондай-ақ, Нұр-Сұлтанда адам саудасына күдікті марқұмның алыс туысы ұсталып, уақытша қамау изоляторына қамалды. Тергеу амалдары жүргізіп жатыр.