Армия – ел қауіпсіздігінің маңызды кепілі

Армия – ел қауіпсіздігінің маңызды кепілі

Армия – ел қауіпсіздігінің маңызды кепілі
ашық дереккөзі
325
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Пре­зиденті – Елбасының төрағалығымен Қауіп­сіздік Кеңесінің отырысы өтті. Отырыста 2030 жылға дейінгі Қарулы Күштерді, басқа да әскер мен күштік құрылымдарды құру және дамыту тұжырымдамасының жобасы қаралды, cондай-ақ шекарадағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мәселелері талқыланды. Жиынды ашқан Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы жаһандық коронавирус пандемиясы мен оның әлеу­меттік-экономикалық салдарынан туындаған күрделі сыртқы ахуалға тоқталды. Осыған орай Елбасы вакци­нация жұмысының маңызын атап өтті. Сонымен қатар Үкімет халықтың әлеуметтік мәселелерін шешіп, эко­номикалық өсім қарқынын сақтауы қажет екенін айт­ты. Нұрсұлтан Назарбаев қазіргі заманға сай әскер құру­да және Қарулы Күштердің құрылымын жетіл­діруде жаңа тәсілдер әзірлеу қажеттігіне тоқталды.
– Біз барлық көршімізбен берік достық бай­ланыс, жетекші державалармен сенімді серіктестік ор­наттық. Сонымен бірге қуатты армия ел қауіпсіз­дігі­нің маңыз­ды кепілі болып саналады, – деді Қауіпсіздік Кеңе­сінің Төра­ғасы.
Елбасы бүгінде асимметриялық және гибридті қатерлерге тойтарыс беруге дайындықтың, жаңа тех­нологияларды енгізудің және әскери процестерді басқаруды автоматтандырудың маңызын атап өтті.
– Біздің Қарулы Күштер егемендігіміз бен аумақтық тұтастығымызды, ұлттық мүдделерімізді қорғауға қа­білетті болуға тиіс. Мұның бәрі армияның таяу он­жыл­­дықта дамуын жоспарлау кезінде ескерілуі керек, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.
Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы шекарадағы қауіп­сіздікті қамтамасыз ету мәселесін шешу Шекара қыз­метінің жұмысын және шекараны қорғау әдістерін же­тіл­дірумен қатар, экономикалық, ақпараттық, қо­ғам­дық және әскери қауіпсіздік бағыттарына бай­ланысты жүйелі шараларды қажет ететінін айтты. Со­нымен қатар елді аумақтық-кеңістікте дамыту ба­сымдықтары шекаралық қауіпсіздікті қамтамасыз ету міндеттерімен сәйкес келуі керек екені айтылды.

Серіктес жаңалықтары