299
Үйіне газ тартылған елорда тұрғындары Елбасына алғыс айтты
Үйіне газ тартылған елорда тұрғындары Елбасына алғыс айтты
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына елорданың жеке секторында тұратын азаматтардан ұжымдық хат келіп түсті. Тұрғындар хатта Елбасының бес әлеуметтік бастамасын жүзеге асыру аясында үйлеріне көгілдір отын тартылғанын жазып, ризашылық білдірген.
Бұл туралы Елбасының баспасөз қызметі Instagram-дағы парақшасында жазды. Еске салайық, былтырдан бері елорданы газдандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр.
«Мен алғашында бұған сенген жоқпын. Кейін аулаға құбыр тартып жатқанын көргенде таң қалдым, қатты қуандым. Бірақ, алғашқы күндері үйрене алмай, ескі әдетпен үйге көмір тасып жүрдім», - дейді зейнеткер Лидия Антонюк.
«Бұрын газ баллонын пайдаланатын едік. Оны үйге дейін көтеріп кіру біз секілді адамдарға қиын болатын. Ал, қазір рахат, кранды көтере саласың, газ жанады», - дейді тағы бір астаналық тұрғын Заманбек Дүйсенбаев.
Айта кетейік, Нұр-Сұлтан қаласын газбен толық қамту 2023 жылы аяқталады. Бүгінде қаладағы 30 мың жер үй көгілдір отынға қосылып үлгерді. 2021-2022 жылдары «Күйгенжар», «Мичурино», «Интернациональный», «Оңтүстік-шығыс», «Агрогородок» тұрғын алаптарының халқы да газға қол жеткізеді.