436
Нұр-Сұлтан әуежайында асыққан жолаушылар үшін жаңа қызмет пайда болды
Нұр-Сұлтан әуежайында асыққан жолаушылар үшін жаңа қызмет пайда болды
Ішкі рейс жолаушылары үшін Нұр-сұлтан әуежайында ақылы қызмет пайда болды, сол қызмет арқылы авиарейске тіркелу уақытын бірнеше есе қысқартуға болады. Бұл туралы елордалық әуежайдың атқарушы директоры Дәулет Хамзин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
"Fast Track әлемнің көптеген әуежайында қолданылады. Әдетте жолаушылар асығыс болады немесе кезек күтіп уақыт өткізгісі келмейді. Fast Track арқылы ұшаққа міну алдындағы формальды тіркеулерден өту қызметі үш-бес минутты құрайды. Стандартты тіркеу кезінде жолаушылар ағынына байланысты 15 - тен 20 минутқа дейін, кейде одан да көп уақыт қажет", - деді Хамзин.Ол бұл қызмет әзірге Fly Arystan және QazaqAir сияқты екі авиакомпанияның жолаушылары үшін қолжетімді екенін хабарлады.
"Көптеген авиакомпаниялар тіркеуді әуежайдың күшімен жүргізбейді, біздің қызметкерлер Air Astana немесе SCAT сияқты авиакомпаниялардың жолаушыларын тіркемейді", - деп түсіндірді Хамзин.Жолаушылар үшін қызмет құны - 4 000 теңге. 12 жасқа дейінгі балаларға - 2 000 теңге. Екі жасқа дейінгі балалар тіркеуден тегін өтеді. Сондай-ақ, бұл қызметті мүмкіндігі шектеулі адамдар да тегін пайдалана алады.