«Астана Опера» маңына 500 емен және 1 000 мамыргүл көшеті отырғызылды

«Астана Опера» маңына 500 емен және 1 000 мамыргүл көшеті отырғызылды

«Астана Опера» маңына 500 емен және 1 000 мамыргүл көшеті отырғызылды
ашық дереккөзі
212
«Астана Опера» қамқорлық кеңесінің мүшелері, театр труппасының әртістері мен Нұр-Сұлтан қаласының тұрғындары көшет отырғызды. Көшет отырғызу барысында Нұрсұлтан Назарбаев Қорының директоры, «Астана Опера» қамқорлық кеңесінің төрайымы Дариға Назарбаева: «Өздеріңіз білетіндей, емен – ұзақ өмір ғұмыр символы. Орташа өмір сүру ұзақтығы 300-400 жыл. Ал мамыргүл көпшілік үшін көктемнің, жастықтың, жаңарудың нышаны. Көшеттер ғасырлар тоғысында бой көтерген жас әсем астанамыздың көркіне көрік қосады. Жасампаздық пен жаңаруға құлаш ұрған Елордада бұл жас көшеттер тамырын кеңге жайып, бас қаламен бірге өсіп, біте қайнаса берсін», - деп тілегін білдірді. Емен ағашы мен мамыргүл көшетін отырғызуға театр әртістерімен бірге ҚР Мәдениет және спорт министрі Ақтоты Райымқұлова, Нұр-Сұлтан қаласының әкімі Алтай Көлгінов, «Астана Опера» қамқорлық кеңесінің мүшелері: «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы Алмасадам Сәтқалиев, Eurasian Resources Group директорлар кеңесінің төрағасы Александр Машкевич атсалысты.
- Бүгін отырғызылған емен біздің климаттық жағдайға бейімделген. Ал мамыргүл осы өңірде көптеп кездеседі. Сол себепті, көшеттер жайқала өсіп, алып бәйтерекке айналып, Елорда тұрғындары мен қала қонақтарының жанына сая болады деп үміттенеміз, - деді «Астана Опера» театрының директоры, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Ғалым Ахмедьяров.
Мәуелі ағаш егіп, шаһардың көркеюіне атсалысқандар халықты ауыл-аймақты абаттандыру мен көгалдандыруға шақырды.

Серіктес жаңалықтары