Павлодарда депутат қамауға алынды

Павлодарда депутат қамауға алынды

Павлодарда депутат қамауға алынды
ашық дереккөзі
229
Павлодар облыстық мәслихатының депутаты, Nur Otan партиясының мүшесі Қайрат Әбішев медициналық тексеруден бас тартқаны үшін 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынып, сегіз жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.  Павлодар қаласы мамандандырылған әкімшілік сотының қаулысына сәйкес, Қайрат Әбішев 25 мамыр күні таңғы сағат 5-те ұсталды. Ол техникалық тексеруден өтпеген Toyota Camry көлігімен жүрген. Оның үстіне ер адам өзін полицияға басқа есіммен таныстырған. Жүргізушіден алкогольдің иісі шыққан. Алайда ол наркологиялық диспансерге медициналық тексеруге жіберілді. Алайда ол тексеруден өтуге үзілді-кесілді бас тартқан. Полиция құқық бұзушыға қатысты әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 613-бабының 4-бөлігі (Ішкі істер органдары қызметкерінің белгіленген тәртіпке сәйкес алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өту туралы заңды талабын орындамау) бойынша әкімшілік хаттама жасап, материалдарды сотқа жолдады. Сот отырысында Әбішев өзінің кінәсін мойындамады. Алкоголь иісін емдеу үшін құрамында спирті бар тұнбаны ішкенін айтып түсіндірді. Сондай-ақ ол денсаулығының нашарлауы мен диареяға байланысты тексеруден бас тартқанын айтады. Алайда оның айғақтары сотта расталмады. Сот қаулысына сәйкес Қайрат Әбішев әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 613-бабының 4-бөлігі бойынша кінәлі деп танылды. Ол он бес тәулікке әкімшілік қамаққа алынып, сегіз жыл мерзімге көлік жүргізу құқығынан айырылды. Павлодар облыстық мәслихатының сайтында шаруа қожалығының 42 жастағы директоры Әбішев VII шақырылымның депутаты ретінде көрсетілген. Облыстық мәслихаттың хатшысы Ернұр Айткенов осы уақытқа дейін депутатқа қатысты шаралар туралы ресми хабарлама түспегенін, сондықтан бұл факт бойынша түсініктеме бере алмайтынын айтты.

Серіктес жаңалықтары