252
Коронавирус жұқтырған оқушылар қорытынды емтиханнан босатылады
Коронавирус жұқтырған оқушылар қорытынды емтиханнан босатылады
Ал коронавирус жұқтырғандармен байланыста болғандар сынақты онлайн режимде тапсырады, деп хабарлайды «Хабар 24».
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының өкілдері осылай деп мәлімдеді.
Сырқаттанған оқушылардың аттестатына қойылатын баға сабақ үлгерімінің тоқсандық қорытындысына байланысты болмақ.
Жалпы, биыл 8 мыңға жуық бала мектеп бітірді. Тоғызыншы сыныпты 16 мыңнан аса оқушы аяқтады. Емтихандар 28 мамырдан басталады. Қашықтан оқытылғандықтан, емтихан кезінде оқушыларға жеңілдік қарастырылып отыр.
- Егер 9-сыныптағы оқушылар 4 емтихан тапсыруы керек болатын. Қалыптасқан жағдайға байланысты әрі онлайн оқығандықтан, балалар таңдаған пәндерінен сынақ тапсырмайды. Яғни оқушылар үш сынақтан ғана өтеді. 11 сыныптағылар 4 емтихан тапсырады. Яғни таңдау пәндері алып тасталды, - дейді Сайрангүл Жұмәділова, облыстық білім басқармасының жетекшісі.