Түркістан облысында жоғалып кеткен 7 адам іздестіріліп жатыр

Түркістан облысында жоғалып кеткен 7 адам іздестіріліп жатыр

Түркістан облысында жоғалып кеткен 7 адам іздестіріліп жатыр
ашық дереккөзі
690
Түркістан облысының құтқарушылары Төлеби ауданындағы Сайрам-Өгем мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің аумағында жоғалған 7 адамды іздестіріп жатыр, - деп хабарлайды ҚазАқпарат. Ақпарат порталы бұл туралы Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли хабарлағанын жазды. Олардың із-түзсіз кеткені туралы хабарлама 25 мамыр күні сағат 18:30-да түскен. 21 мамырда туристер «Сары-Айғыр» шатқалына жаяу бет алған. Құтқарушыларға хабарласқан адамның айтуынша, олар 24 мамырда үйге оралуы керек еді. Өткен тәулікте іздестіру тобы 37 шақырымға жуық таулы аймақты жаяу аралады. Екі ұшқышсыз ұшу аппараты арқылы 4 шақырым радиуста барлау жүргізілді. Іздестіру жұмыстарына Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментіің 25 құтқарушысы, 2 квадракоптері және 7 техникасы жұмылдырылды.  

Серіктес жаңалықтары