290
Баталов зейнетке шығу-шықпауы туралы айтты
Баталов зейнетке шығу-шықпауы туралы айтты
Алматы облысының дамуы бойынша қорытынды есебі кезінде аймақ басшысы Амандық Баталов зейнетке шыққалы жатқаны туралы қауесеттерге түсініктеме берді, деп хабарлайды zakon.kz.
Журналист атап өткендей, телеграм-арнада, әлеуметтік желілерде Алматы облысы әкімінің зейнетке кеткелі жатқаны туралы ауық-ауық "хабар" шығып жатады. Әкімнің өзі бұл туралы не ойлайды? Аймақ басшысына осындай сауал тасталды.
Мұны менің өзімнен де біреулер үнемі сұрап жатады. Мемлекет басшысы маған осы қызметті сеніп тапсырғандықтан, оны орындауға денсаулығым, күш-жігерім жеткілікті... Әрдайым өз қарамағымдағы адамдарға айтып отырамын: егер ертең маған сағат 12-де жұмыстан босатылассыз десе, ендеше мен сол айтылған уақыт - 12-ге дейін өзіме жүктелген істі адал әрі жауапкершілікпен атқарамын және адамдар үшін жұмысістеп, Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындаймын. Бұл арада мынандай сұрақтар бар: қашан кетеді: ертең, ертеңнің ертесінде, алты айдан соң. Ендеше тағы да ойлансын, болжай берсін. Бірақ өзіме берілген мүмкіндікті мен адамдар, облыс игілігі үшін пайдаланып, ісімді атқара беремін, жастармен өз тәжірибемді бөлісемін, - деді Амандық Баталов.Ол атқарылатын жұмыс көп екенін және оны адамдарға тек жақсылық жасау үшін атқаратындықтан, одан тек рахат алатынын баса айтты.