Ауыл әкімін тікелей сайлау арқылы ауылдардың жағдайын жақсарту көзделіп отыр

Ауыл әкімін тікелей сайлау арқылы ауылдардың жағдайын жақсарту көзделіп отыр

Ауыл әкімін тікелей сайлау арқылы ауылдардың жағдайын жақсарту көзделіп отыр
ашық дереккөзі
266
27 мамыр күні #NUROTANTRENDS алаңында ауыл әкімдерінің тікелей сайлауы тақырыбында сараптамалық талқылау өтті. Талқылауға Парламент Мәжілісінің депутаты Айдос Сарым, Парламент Сенаты Төрағасының кеңесшісі Жанар Тулиндинова, «Adal» партиясының хатшысы Нұрлыбек Мұқанов, Президент жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Ақмола облысы бойынша филиалының директоры, «Nur Otan» партиясы жанындағы Азаматтық қоғамды дамыту және Мемлекеттік басқару жөніндегі республикалық қоғамдық кеңестің мүшесі (Родина ауылының бұрынғы әкімі) Белла Газдиева, саясаттанушы Эдуард Полетаев қатысты, rezonans.kz сайтынының бас редакторы Ассоль Мирманова модератор болды.  width= 25 мамырда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңға толықтырулар мен өзгерістерді бекітті. Биылғы жылдың екінші жартысында ауыл тұрғындары аудандық маңызы бар 836 қалаларда, ауылдарда, кенттерде, ауылдық округтерде әкімдерді сайлайтын болады. Тұтастай алғанда, заңның күші елдің 2345 әкімшілік-аумақтық бірлігіне қатысты болады.
Айдос Сарым атап өткендей: «Президент үш жыл ішінде әкімдер корпусының 91% сайланбалылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін заңға қол қойды».
Мәжіліс депутаты, сондай-ақ, жергілікті өзін-өзі басқаруды дамытуға бағытталған мемлекет қабылдаған шаралар туралы, атап айтқанда бюджетті жергілікті деңгейге беру туралы еске салды:
«1995 жылы Конституцияда жергілікті өзін-өзі басқару болады деп жазылған, біз осыған енді нақты кірісеміз. Заңнама өзгеруде. Жергілікті бюджеттер құрылып, салықтардың едәуір бөлігі аудан мен ауыл деңгейіне беріледі».
Қабылданған заңға сәйкес тіркелген саяси партиялардан кандидаттар және сайлаушылар қолдарының бір пайызын жинаған жағдайда өзін-өзі ұсынған азаматтар ауыл әкімдері сайлауына қатыса алады. Эдуард Полетаевтың пікірінше, сайлау туралы заңға енгізілген түзетулер мен өзгерістер партияларға өңірлерде, шағын және орта елді мекендерде белсенді болуға мүмкіндік береді. Егер бұрын негізгі саясат қалаларда жүргізілсе, бүгінде ауылдардың рөлі артып келеді. Ауыл тұрғындары сайлау және кеңестер  арқылы өз елді мекенін дамытуға байланысты сұрақтарға қатысып, шешім қабылдай алатын болады. Ассоль Мирманованың партиялардың сайлауға қатысуға дайындығы туралы сұрағына «Nur Otan» мен «Adal» өкілдері ауыл әкімдеріне өз кандидаттарын ұсынуға ниетті екендерін нық айтты.
«Егер партиялардың ауыл әкімдерін сайлауға дайындығы туралы айтатын болсақ. Биылғы жылдың қыс мезгілінде өткен парламенттік және мәслихаттар сайлауында партиялар күш жұмылдыра білгенін ескерсек, әзірліктері жаман болмайды деп ойлаймын», - деді сарапшы Жанар Төлендинова.
Айдос Сарымның пікірінше, әкімдікке кандидатураны ұсыну үшін «Nur Otan» партиясының кадрлық әлеуеті зор: «Өңірлерде праймеризге қатысқан адамдардың барлығы дерлік біздің партия қатарында қалды, тіпті көбісі қоғамдық кеңестер мен партияның басшылық органдарының құрамына енді». Сарапшылар өңір партиясына айналуы мүмкін партиялар туралы айта отырып, бұл мәртебе «Nur Otan» партиясына бекітіліп қалады деген пікір білдірді. Себебі «Nur Otan» барлық өңірлер мен ауылдарда бар, ал сайлауаралық кезеңде белсенділігі өте жоғары. Мәжіліс депутаты сондай-ақ, «Nur Otan» партиясының қарқынды дамып келе жатқанын және халықтың өзі дауыс берген даму бағдарламалары ауыл басшысына қарамастан жүзеге асырылатынын атап өтті.
«Бүгінде «Nur Otan» де-факто билік партиясы. Бюджеттен бастап, өңірлік бағдарламаларға дейінгі кез келген құжатқа қараңыздаршы, барлық жерде: «Nur Otan партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында жүзеге асырылуда» деп жазылған. Мұндай бірінші рет болып отыр. Партия алғаш рет сайлауға аудандар деңгейіне дейін үлкен және нақты бағдарламалармен келді. Барлық мәслихаттарда көптеген фракциялар құрылды. Міне, депутаттардың алдында үлкен міндет тұр – қазіргі және одан кейінгі болатын кез келген әкімнен сайлауалды уәделердің орындалуын талап ету», - деп атап өтті Айдос Сарым.
Нұрлыбек Мұқановтың пікірінше, қандай партия жеңіске жетсе де, басты міндет - ауылдың өркендеуін қамтамасыз ету:
«Егер ауылға нақты бағдарламамен, болашағы зор идеялармен мықты әкім келетін болса, оның қай партияның атынан шығатыны маңызды емес. Біздің басты мақсатымыз -  осы сайлау арқылы ауыл өмірі сапасын жақсарту».
Сарапшылар әрбір ауыл тұрғынына олардың өз елді мекенінің әкімін сайлауға қатысуының маңыздылығын жеткізу үшін кең ақпараттық жұмыс жүргізу қажет деген пікірмен келісті.
«Бүгін сен шешім қабылдай аласың, өзің қалаған әкімге дауыс бере аласың. Бірақ бұл сайлаушыға да үлкен жауапкершілік жүктейтінін ұмытпау қажет», - деді Белла Газдиева.
 

Серіктес жаңалықтары