322
Гуманоид робот салған автопортрет көрмесі өтті
Гуманоид робот салған автопортрет көрмесі өтті
Ай-Да атты робот салған автопортеттер Лондондағы жаңа өнер көрмесінде ұсынылды, деп хабарлайды livescience.
Ай-Да - жасанды интеллекті бар, сурет сала алатын, мүсін соға алатын, ым-ишара жасай алатын, көзін жыпылықтататын және сөйлей алатын әйел кейіптегі робот.
The Guardian мәліметі бойынша, роботты Оксфорд университеті мен Англиядағы Лидс университетінің бағдарламашылары, робототехника мамандары, өнертанушылары мен психологтар тобы 2017 жылдан 2019 жылға дейін жасап, дамытқан.
Енді роботтың алғашқы сурет көрмесі өткізіліп отыр.