«55 мың жұмыссызға жәрдемақы төленді». Жұмысынан айрылуына байланысты жәрдемақы алу үшін не істеу керек?

«55 мың жұмыссызға жәрдемақы төленді». Жұмысынан айрылуына байланысты жәрдемақы алу үшін не істеу керек?

«55 мың жұмыссызға жәрдемақы төленді».  Жұмысынан айрылуына байланысты жәрдемақы алу үшін не істеу керек?
ашық дереккөзі
50246
55 мыңнан астам адам жұмысынан айырылуына байланысты Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлем алды. Бұл туралы еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі хабарлады. 2021 жылғы 1 мамырдағы жағдай бойынша, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылуына байланысты әлеуметтік төлем алушылардың саны 55,7 мың адамды құрады, бұл ретте осы жылы 33,3 мың адамға алғаш рет төлем тағайындалды. Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жұмыстан босатылған жұмыскерлер міндетті әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысу өтіліне және соңғы 24 айдағы табысына байланысты 1 айдан 6 айға дейін жұмысынан айырылуы бойынша әлеуметтік төлемдер алады. Төлем жоғалған кірістің 40 пайызына дейінгі мөлшерде Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қоры қаражаты есебінен жүзеге асырылады. Төлем тағайындау үшін жұмыстан босатылған жұмыскерге: eGov.kz порталында авторизациялану; Жұмысқа орналастыру және жұмыспен қамту” бөлімінде “Жұмыс іздеуші адамдарды тіркеу” қызметін таңдау; онлайн-қызметке тапсырыс беріп, барлық жолдарды толтыру және оған ЭЦҚ-мен қол қойып, өтінімді жіберу қажет; бір күн ішінде тұрғылықты жеріңіздегі халықты жұмыспен қамту орталығы (бұдан әрі – ХЖҚО) бос жұмыс орындарын ұсынады; егер жұмыс табылмаса, 3 жұмыс күні ішінде қашықтықтан жұмыссыз мәртебесі берілетін болады (қажет болған жағдайда қосымша ақпарат жинау үшін сізге ХЖҚО қызметкері хабарласады); “Жұмыссыз ретінде тіркелу туралы мәліметтер болған кезде Еңбекминінің ақпараттық жүйесі проактивті форматта МӘСҚ-тан төлемді тағайындау бойынша қызмет көрсетуге келісу үшін мобильді телефонға SMS-хабарлама жібереді. Келіскен жағдайда SMS-хабарламаға жауап беру қажет. Төлем автоматты түрде тағайындалады”, – делінген министрліктің хабарламасында. Естеріңізге сала кетейік, МӘСҚ қаражаты есебінен жұмыстан айырылған жағдайда төленетін әлеуметтік төлем жұмыстан шығу себептеріне қарамастан жүзеге асырылады және жұмыссыз адам жұмыс іздеген кезеңде оны қолдауға арналған. Бұдан бұрын хабарланғандай, жұмыссыздарды тіркеу рәсімдерін жеңілдету және жұмыспен қамтуды қолдау бойынша мемлекеттік қызметтер алуды жеңілдету үшін ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Электрондық еңбек биржасы (бұдан әрі – ЭЕБ) арқылы халықты жұмыспен қамту орталықтарының қашықтықтан қызмет көрсету функционалын іске қосты. Қазақстандықтар ЭЕБ-тегі “жеке кабинетінде” жұмыс іздеуші адам немесе жұмыссыз ретінде есепке тұра алады және тіркеудің барлық кезеңдерін қадағалай алады. Жұмыссыз мәртебесін алғаннан кейін азаматтар (әлеуметтік сақтандыру жүйесіне қатысушылар) онлайн режимде ЭЕБ-да жұмысынан айырылу бойынша әлеуметтік төлемге өтінім жібере алады және мемлекет субсидиялайтын жұмыс орындарында – жастар практикасы, әлеуметтік жұмыс орындары, қоғамдық жұмыстардағы бос жұмыс орындарын өз бетінше таңдай алады. Жоғарыда көрсетілген қызметтерді онлайн режимде алу үшін электрондық цифрлық қолтаңбаны пайдалана отырып, ЭЕБ-да тіркеуден өту қажет. Жыл басынан бері қызметтерді қашықтықтан алу мүмкіндігін 34 мыңнан астам адам пайдаланды. 30 мың азамат жұмыссыз мәртебесін алды.

Серіктес жаңалықтары