Стюардесса Гүлденген

Стюардесса Гүлденген

Стюардесса Гүлденген
ашық дереккөзі
1060
"Көкте қалықтаған МИАТ ұшағы. Бортта әрі-бері жүрген сұңғақ бойлы, жылы шырайлы әуе арулары. Оларға қызыға қарап отырған жолаушылар. Сол әуе арулары арасында Гүлденген есімді қазақ бортсерігі көзімізге жылы ұшырап, оның сөзі құлағымызға жайлы тиді", дейді Казньюс ақпарат агенттігінің тілшісі.  Қандасымыз Гүлденген Нұрланқызы – Моңғолияның МИАТ әуе компаниясының бортсерігі болып жұмыс істеп жүргеніне біраз жыл болды. Ол - Баян-Өлгий аймағында туғанымен, балалық шағын Моңғолияның Дархан аймағының Шарынғол ауданында өткізген. Шарынғол ауданының жалпы білім беретін мектебін тәмамдап, Моңғолия Ұлттық Университетін Ағылшын және американтану мамандығы бойынша бітірген. Моңғолияның Казньюс ақпарат агенттігінің кезекті қонағы әлемдегі мәртебелі мамандықтың иесі – МИАТ әуе компаниясының бортсерігі Гүлденген Нұрланқызы стюардесса қызметінің қыр-сыры жайлы  айтып берді. «Бала күнімде стюардесса болуды армандайтынмын. 4 курс студенті жүрген кезімде МИАТ әуе компаниясының бортсерігі атануға мүмкіндік туды. Бір ұстазым МИАТ әуе компаниясы бортсерік қызметкерлерін сыналтады. Бағыңды сынап көрсеңші" деп ұсыныс етті. Ұстазымның айтқаны бойынша сынақ тапсырып, аталмыш компанияның бортсерігі атандым.» – дейді Гүлденген.  width= – Алғашқы рейсіңіз есіңізде ме? – Иә, бұл мен үшін әлі күнге дейін есімнен кетпейтін таңғажайып оқиға болды. 2012 жылы мамырдың 14 күні Ұланбатыр – Сеул – Ұланбатыр бағытындағы рейсте алғаш рет бортсерік болып қызмет еттім. Шынымды айтсам басында қатты қобалжыдым. Бірақ бәрі сәтті болды. – Сізге қай бағытта ұшқан көбірек ұнайды? – Маған барлық рейстер ұнайды. Бірақ оның ішінде еркекше әсер қалдырған болар, Берлин бағыты бойынша ұшу көбірек ұнайды. Студент кезімде шетел асып, дамыған елдерге баруды ойламаған кез еді. Мүлдем басқа әлем мен басқа мәдениетті көрдім. Сонымен қатар, шоппинг жасауға ыңғайлы.  width=
Гүлденген кейбір айларда 100 сағатын әуеде өткізгенін айтады. Бұл шамамен 10-16 рейс.
 – Бір ұшақта қанша бортсерік бар? Неше жасқа дейін стюардесса болып жұмыс істеуге болады? – Компаниямызда Boeing-737, Boeing-767 деген екі лайнерде барлығы 14 бортсерік қызмет көрсетеді. Жас шектеуі жоқ. Қаласа 55 жасқа дейін ұшуға болады.  – Жолаушылардың ең жиі қоятын сұрақтары? – Көптеген сұрақ қояды. "Қанша жылдамдықпен ұшып барады? Құлақ неге бітеледі, не істеймін? Қонатын таяды ма" т.б.  – Жолаушылардан естігін ең жақсы сөзіңіз? – Ұшақтан түсетін кезде жолаушылардың жүзіне күлкі үйіріліп, жылы тілегін айтып жатады. Әсіресе есімде қалғаны, алғашқы рейсімде бір жолаушы «Сіз жаңа бортсерік боларсыз. Жұмысыңызға жақсы баға бердім. Ісіңіз ілгері болсын» деп кішкентай қағазға жазып қолыма ұстатты. Бұл қағазды әлі күнге сақтап келемін. Әрине, жаңа бортсерік үшін үлкен ылтипат болды деп ойлаймын.  – Бортсеріктер қанша шетел тілін білу керек? – Жұмысқа қабылданған кезде ағылшын тілін белгілі деңгейде білуді талап етеді. Өзім ағылшын, орыс тілінде еркін сөйлеумен қатар тағы бір-екі тілді үйреніп жатырмын.  – Жұмысыңыздың ерекшелігі неде? Оң және кері әсерлері? – Ұшқыштың міндеті ұшақты бір елден екінші елге аман-есен жеткізіп, қондыру болса, бортсеріктердің міндеті жолаушылардың қауіпсіздігі. Бортсеріктердің жұмысын оңай деп айта алмаймын. Мықты әріптестерімнің ортасында болғандықтан барлық қиындықтары бірге еңсереміз. Кері әсерлерінен жақсы әсерлері мол деуге болады. Бортсерік – ол апатты жағдайда эвакуация жасайтын құтқарушы, тілсіз жауды ауыздықтайтын өрт сөндіруші, адамдармен тіл табыса алатын психолог, қажет болса, денсаулығы нашарлаған жолаушыға алғашқы медициналық көмек көрсететін дәрігер деуге де болады.  width=  – Жұмыстан тыс уақытта қайда боласыз? – Жұмыс көп, бос уақыт аз болады. Жұмыстан тыс уақытта көптеген шаруаға үлгеруді ойлаймын. Отбасы, достарымның қасында боламын.    width=  – Өзіңізді қаншалықты дамытасыз? Стюардесса болғысы келетін жастарға қандай кеңес бересіз? – Мүмкіндігімше заман ағымына сай өмір сүруді қалаймын. Алға қойған мақсатқа жету үшін аянбай еңбек ету керек деп ойлаймын. Еңбектенсе бағынбайтын белес болмайды дегенге сенемін. Бортсеріктеріне қойылатын басты талаптардың бірі – денсаулық. Сондықтан басынан спортпен шұғылданып, денсаулыққа аса мән беру керек деп кеңес беремін.  – Оқырмандарға айтар тілегіңіз? – Дүниежүзі бойынша қиын кезеңді бастан кешіп жатырмыз. «Денсаулық – зор байлық» – дейді халқымыз. Барлығыңызға тек зор денсаулық тілеймін.

Дереккөз: Казньюс ақпарат агенттігі

Серіктес жаңалықтары