Уханнан Алматыға пойыз келе жатыр

Уханнан Алматыға пойыз келе жатыр

Уханнан Алматыға пойыз келе жатыр
ашық дереккөзі
368
Ухан мен Алматы арасында қатынайтын тұңғыш пойыз шекарадан шықты - деп хабарлайды Қытайдың «Жэньминь жибао» (People Daily) сайты. «Жэньминь жибао» сайтының мәлімдеуінше, 26 мамыр күні Ухан мен Алматы арасында қатынайтын тұңғыш кезекті Қытай – Еуропа пойызы Қорғас темір жол өткелі арқылы шекарадан шығады. Шамамен 4 күннен кейін Қазақстанның Алматы қаласына жетеді. Бұл Қорғас темір жол өткелі арқылы шекарадан кіріп – шығатын Қытай – Еуропа пойыздары санының 25-ке жеткенін, Қытай – Еуропа сауда қарым-қатынасы кеңейгенін көрсетеді. Ухан темір жол орталығынан аттанған пойыз 50 вагоннан құралған. Бұл пойызға велосипет, отбасылық электр жабдықтары, кездеме қатарлы тұрмыстық тұтыну бұйымдары тиелген. Заттардың жалпы салмағы 652 тонна. «Бұл Уханнан тұңғыш рет Қазақстанға қатынаған кезекші пойыз болып, Уханнан Орта Азияға баратын пойыз болмау тарихын аяқтады. Енді Орта Азиядағы әрқайсы елдермен болған сауда көлемі кеңейеді», деп жазды аталған сайт. Қытайдың «Жэньминь жибао» ақпараттық порталының келтірген дерегіне сүйенсек, қазір Қорғас кеден бекеті күніне орта есеппен 13 – 15 Қытай-Еуропа кезекші пойызын тексеріп өткізеді. Ең көп болғанда 18 пойызға жетеді. Алдыңғы 4 айда Қорғас кедені шекарадан кіріп – шығатын Қытай – Еуропа кезекші пойыздарынан 1988 пойызды тексеруден өткізген. Бұндағы жалпы жүк мөлшері бір миллион 128 мың 900 тонна болған. Өткен жылдағымен салыстырғанда жеке-жеке 95% және 12.7% артқан. Ай сайынғы импорт – экспорт кезекші пойыздарының саны 10 ай бойы бүкіл Қытайдағы бес ірі темір жол өткелі бойынша бірінші орында тұр.

Серіктес жаңалықтары