50239
Өзбекстаннан жұмысшы әкеліп беремін деп алдап, мекеменің 4,5 млн теңгесін иемденіп кеткен
Өзбекстаннан жұмысшы әкеліп беремін деп алдап, мекеменің 4,5 млн теңгесін иемденіп кеткен
26 мамырда Қаратау АПБ-на бір мекемеден қатынас хат келіп түскен. Онда Д. есімді азаматтың Өзбекстаннан құрылыс жұмысын жасайтын жұмысшылар әкеліп беремін деп, жалпы 4 500 000 теңгені алаяқтық жолмен иемденіп кеткендігін көрсетілген, деп хабарлайды Шымкент қалалық ПД баспасөз қызметі.
Қаратау АПБ КПБ-ның қызметкерлерінің жедел іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ақшаны алып кеткен жергілікті жердің 25 жастағы тұрғыны қолға түсті. Қазіргі уақытта ұсталған азаматтың осыған ұқсас қылмыстарға қатыстылығын анықтау амалдары жүргізілуде.