Жасотандықтар жазықсыз жалаға ұшыраған арыстардың ескерткішіне гүл шоғын қойды

Жасотандықтар жазықсыз жалаға ұшыраған арыстардың ескерткішіне гүл шоғын қойды

Жасотандықтар жазықсыз жалаға ұшыраған арыстардың ескерткішіне гүл шоғын қойды
ашық дереккөзі
340
1997 жылы Елбасы Н.Назарбаевтың Жарлығы бойынша 31 мамыр саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күні болып жарияланды. Ашаршылық жылдарында елімізде 1,5 миллионға жуық адам қайтыс болды. Қазақ халқы ашаршылыққа дейінгі санына араға жарты ғасырға жуық уақыт салып әзер жеткенінен-ақ бұл зұлматтың қаншалықты қасіретті болғанын бағамдауға болады. Тоталитаризмнің зұлым саясаты мен зұлмат әрекеті миллиондаған адамдарды саяси қуғын-сүргінге ұшыратты. Қазақтың қаншама тұлғалары сол солақай саясаттың құрбанына айналды. Еске алу күні жасотандықтар еліміздің барлық өңірінде жазықсыз жалаға ұшыраған арыстардың ескерткішіне гүл шоғын қойды. Солақай саясаттың құрбандарының рухына тағзым етіп, олардың есімін ұлықтады. Jas Otan жастар қанатының төрағасы Нұржан Жетпісбаев  «Елім деп от кешкен бабаларымыздың мол мұрасын насихаттау – әрбір қазақстандықтың басты міндеті» деп санайды.

Нұржан Жетпісбаев: «Зұлмат жылдар – еліміздің тарихындағы қара беттер. Талай арысымыз ату жазасына кесіліп, ит шеккенге айдалды. Талай бейбіт отбасылардың оты өшіп, ана жесір, бала жетім қалды.Ашаршылық нәубетін көрген, одан қалды саяси қуғынға ұшырағын тұлғаларымыз артынан мол мұра қалдырып кетті. Мұны жастарға дәріптеу мақсатында іс-шаралар өткізу жоспарда бар. Мұндай шаралар тек астанада ғана емес барлық өңірлерде өтеді», – деді.

Серіктес жаңалықтары