355
Орыс тілі Түркияда жаңа мәртебеге ие болды
Орыс тілі Түркияда жаңа мәртебеге ие болды
Түркия туризм және қонақ үй бизнесі саласындағы менеджментті оқытатын оқу орындарында орыс тілін білу міндетті болды. Яғни, бұдан былай ағылшын тілімен қатар студенттер орыс тілін үйренуі керек, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
"Екі халықтың достығы ұзақ мерзімді тарихи қатынастарға негізделген. Ресейлік туристер Түркияға толассыз келеді. Осы уақыт ішінде көптеген адамдар орыс тілін түсініп, орыс тілінде сөйлеуді үйренді", - деді Мәдениет және туризм министрі Мехмет Нури Ерсой.Шенеунік кәсіби оқу орындарының оқу жоспарына өзгерістер мәжбүрлі түрде – ресейлік демалушылардың қажеттіліктеріне сәйкес енгізілгенін жасырмайды. Түркия пандемияға қарамастан, олар үшін ең танымал демалыс орны болып қала береді.