Нобельдің бейбітшілік сыйлығы Колумбия президентіне берілді

Нобельдің бейбітшілік сыйлығы Колумбия президентіне берілді

Нобельдің бейбітшілік сыйлығы Колумбия президентіне берілді
ашық дереккөзі
270
Колумбиядағы радикалды ФАРК  тобымен арадағы 52 жылға созылған соғысты тоқтатқаны үшін Колумбия президенті Хуан Мануэль Сантосбейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына ие болды деп хабарлайды Егемен-ақпарат. 2016 жылы қыркүйектің соңында Колумбия президенті Сантос пен ФАРК лидері Тимолеон Хименесо бейбіт келісімге қол қойды.  Екеуі де бейбітшілік саласындағы Нобель сыйлығына үміткерлердің қатарында болды.  ФАРК тобымен әскери қақтығыс 50 жылдан астам уақыт жалғасып, 250 мыңнан астам адамның өмірін қиды. Өткен сейсенбі күні ФАРК шерушілерімен атысты тоқтатудың екіжақты режимі ұзартылды. Сол кезде Сантос жақын арада елдегі бейбітшілікке қол жеткізуге ниетті екенін айтты. “Жақын арада Колумбияда бейбітшілік орнайды, біз оған қол жеткіземіз”, – деді ол елдің экс-президенті Альваро Урибемен кездескен соң. Еске сала кетейік, ағымдағы жылы жапониялық Ёсинори Осуми медицина саласы бойынша Нобель сыйлығының лауреаты атанды.  Физика бойынша Нобель сыйлығына  Данкан Холдейн, Майкл Костерлиц және Дэвид Таулес ие болды. Нобель сыйлығының мөлшері 8 млн швециялық кронды (295 млн теңге) құрайды.

Серіктес жаңалықтары