220
Алдағы 3 күнде ауа райы күрт құбылады
Алдағы 3 күнде ауа райы күрт құбылады
Қазгидромет синоптиктері 3-5 маусымдағы ауа-райына болжам жасады. 4 маусымнан бастап антициклонның ығысуына байланысты республиканың солтүстік өңірінде ауа температурасының айтарлықтай төмендеуі байқалады дейді мамандар.
3-5 маусым күндері күн салқындайды. Кей өңірде жауын-шашын, жел мен бұршақ күтіліп отыр. Ауа температурасы түнде плюс 2-7, күндіз 10-20 градус жылы болады. Оңтүстік аймақтарда термометр бағаны түнде 10-22, күндіз 28-35 градус жылылықты көрсетеді.
"Оңтүстік циклонның ықпалымен жаңбыр, республиканың жекелеген аудандарында қатты жаңбыр жауады. Бұршақ түсіп, жел күшеюі мүмкін", - деп жазылған хабарламада.