212
Елбасы “Қазақстан темір жолы” басшысын қабылдады
Елбасы “Қазақстан темір жолы” басшысын қабылдады
«Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қорын басқару жөніндегі кеңестің Төрағасы «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясы» акционерлік қоғамы басқармасының төрағасы Нұрлан Сауранбаевты қабылдады, деп хабарлайды elbasy.kz.
Кездесуде Қазақстанның Тұңғыш Президенті тәуелсіздік жылдарындағы еліміздегі инфрақұрылымдық даму нәтижелеріне тоқталып, темір жол желілерін кеңейту саласындағы жетістіктерді атап өтті. – Біз инфрақұрылымдық жобаларды іске асыру үшін көп жұмыс атқардық. Осы уақыт ішінде екі жарым мың шақырым темір жол салынды. Сөйтіп, еліміздің темір жол желілерін дамыттық, – деді Елбасы. Нұрсұлтан Назарбаевқа елдің көлік-логистикалық әлеуетін іске асыру, экспорттық және транзиттік тасымалды ұлғайту, көрсетілетін қызмет сапасын арттыру бағытында компанияның атқарып жатқан шаралары туралы баяндалды.