Күйші Қаршыға Ахмедияровқа арналған мемориалды тақта орнатылды

Күйші Қаршыға Ахмедияровқа арналған мемориалды тақта орнатылды

Күйші Қаршыға Ахмедияровқа арналған мемориалды тақта орнатылды
ашық дереккөзі
622
Алматыда белгілі күйші-композитор, Қазақстанның халық артисі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Қаршыға Ахмедияровқа арналған мемориалды тақта ашылды, деп хабарлайды 24.kz. Өмірінің соңғы 15 жылында дарынды күйші Зейін Шашкин көшесінің бойындағы үйде тұрды. Ол қазақ халқының атақты күйшілері Құрманғазы, Тәттімбет, Дәулеткерей мен Динаның шығармаларын орындап, өзі де керемет мұра қалдырды. Қаршыға Ахмедияров ғұмырында 60 күй шығарды. Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық оркестрінде 30 жылға жуық еңбек етті, профессор атанып, шәкірт тәрбиеледі. Көзі тірі болғанда күйші биыл 75 жасқа толар еді. Құрманғазы оркестрінде 26 жыл еңбек еткен. Құрманғазы оркестрінің ашылуында Қали Жантілеуов болса, одан кейін Рысбай Ғабдиев болса солардың жолын жалғап міне үшінші Құрманғазы оркестрініде бас концертмейстер болған Қаршыға Ахмедияров болатын. Осы Құрманғазы оркестріндегі домбырашылардың барлығы сол кісінің шәкірті десек болады. Артына өшпес мұра қалдырған, деді Құрманғазы атындағы қазақ ұлттық оркестрінің директоры Медет Қуанышев.

Серіктес жаңалықтары