Ислам Әбішев мерзімінен бұрын шартты түрде босатылды

Ислам Әбішев мерзімінен бұрын шартты түрде босатылды

Ислам Әбішев мерзімінен бұрын шартты түрде босатылды
ашық дереккөзі
947

Қазақстан Су ресурстары комитетінің бұрынғы төрағасы, Дүниежүзілік «Қазақ күресі» федерациясының бұрынғы президенті Ислам Әбішев бүгін соттың үшінші отырысында мерзімінен бұрын шартты түрде босатылды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Қазыбек Иса хабарлады.

"Қазір ғана Ислам Әбіштің адвокаты Мәкіш Есқараев хабарласып, сүйінші сұрады. Триллион үнемдеп жүріп, түрмеге түскен, жазықсыз жаланың құрбаны болған Ислам Әбіш бүгін соттың үшінші отырысында мерзімінен бұрын шарттты түрде босатылды!

Ел үшін еңбек еткен Ердің бостандыққа шығуы оны қорғап, араша сұраған, “Қазақ үні” ұлттық порталында Президентке жазылған Ашық хатқа қол қойған 200 мыңдай адамның, халықтың қуанышы! Халық үніне құлақ асатын, еститін үкімет дегеннің басы шығар бұл", деп жазды депутат.

Ислам Алмаханұлы  Қазақстанның Қылмыстық кодексінің 24-бабы 3-бөлігі, 366-бабы 4-бөлігі бойынша «пара алуға оқталды» немесе бопсалау арқылы 60 млн теңгеден астам пара алды, деген күдік тағылған болатын.

Серіктес жаңалықтары