Шешімін тапқан мәселелер

Шешімін тапқан мәселелер

Шешімін тапқан мәселелер
ашық дереккөзі
222
«Nur Otan» партиясы Елбасының халықпен өзара іс-әрекет жасаудың проактивті форматына көшу туралы тапсырмасы және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын жүзеге асыру шеңберінде халықтың шағымы мен мәселелеріне ден қоюды белсенді түрде жалғастырып жатыр. «Nur Otan» азаматтардың өтінішін, халық алдындағы уәделерінің орындалуын қалай бақылайды? «Nur Otan» партиясы Төрағасының Бірін­ші орынбасары Бауыржан Байбек 2019 жыл­ғы күзде Шымкентке жұмыс сапары кезінде «Азат» шағынауданының тұрғындарымен кез­дескен-ді. Бұған дейін тұрғындар шағын- ау­дан 2015 жылы қалаға қосылғанына қара­мас­тан, төрт жыл ішінде орталық электр, газ жә­не сумен жабдықтау желілерін жүргізу мә­селесі шешілмегеніне шағымданған бола­тын. «Елбасы, партия Төрағасы мемлекеттің ха­лыққа жақын болып, азаматтардың мұң-мұқ­тажын тыңдап, ашық жұмыс істеуді тап­сырды. Мемлекет басшысы да «Халықтың үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырым­да­ма­сын ұсынып, азаматтардың сын-ескерт­пе­лері мен ұсыныстарына жедел ден қоюымыз керегін айтты. Сондықтан осы мәселені әлеуметтік желіден естіп, біліп, арнайы алдарыңызға келдім. Қазір қала басшылығы, партияның қалалық филиалы бұл түйткілді оңтайлы шешу үшін барлық шараны қолға алды. Біз бұл істі соңына дейін бақылауда ұстай­мыз. Әрине, бұл жерде шешуді талап ететін бірқатар өзекті мәселенің бар екенін біле­міз. Бәрін бірдей шешу мүмкін емес. Сон­дықтан мемлекет тұрғындардың талап-тілек­терін ескере отырып, ең алдымен, газ, жарық және ауызсу мәселесін шешуді қолға алды. Кейін жол және басқа да мәселелерді ше­шеміз», – деп Бауыржан Байбек бұл мәселенің партияның бақылауында болатынын айтқан еді. Партияның баспасөз қызметі хабар­ла­ғандай, жуырда «Nur Otan» қалалық филиа­лы­ның төрағасы, Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтенов осы шағынаудан тұрғындары­мен кездесті. Қазір шағынауданда электр желілері то­лық тартылды. Ұзындығы 8,7 км орталық су құбыры желілерінің және 10 км газ құбы­ры­ның құрылысы аяқталды. Ішкі жолдарға асфальт төсеу бойынша жұмыстар 50 пайызға орындалған. Сонымен қатар, 87 меншік иесі жер учаскелеріне мемактілер алды. Тағы 22 учаске бойынша құжаттар дайындалып жатыр. Маусым айының соңына дейін абонент­терді орталық су құбырына қосуды және ауыз су беруді қамтамасыз ету, 1 тамызға дейін автоматты газ тарату станциясының құрылы­сын аяқтап, газ беру, ал 1 қыркүйекке дейін ішкі жолдардың асфальттің екінші қабатын төсеу жоспарланып отыр. Бұл жұмыстың барлығы «Nur Otan» пар­тиясы қалалық филиалының бақылауында. Мұндай атқарылған істер барлық өңірде де жетерлік. Мәселен, Батыс Қазақстан облы­сы Шолақаңқаты ауылдық округіне қарасты Тоғанас ауылы тұрғындарының бас ауруына айналған жол мәселесі шешімін таппақ. Бұл мәселе сайлау науқанында партия­ның сайлауалды бағдарламасына еңгізілген болатын. 2021 жылғы 25 мамырда жолдың ор­таша жөндеу жұмыстарына филиал жа­нын­дағы Партиялық бақылау комиссиясы рейд жүргізді. Қазір 7,5 шақырым жол ас­фальт­талған. Ауыспалы тәртіппен жұмыстың қалған бөлігі биыл, нақтырақ айтсақ маусым айының соңына дейін аяқталмақ. Ал Қызылорда облысында Қызылжарма ка­налына су жіберіліп, тұрғындар сумен қам­тамасыз етілді. «Nur Otan» партиясының Қызылорда об­лыс­тық филиалы басшылығының жеке қа­былдауына Қызылорда қаласындағы мөл­тек ауданның тұрғындары Қызылжарма ка­налына су берілмегендіктен, бау-бақша­лары суарылмай жатқанын айтып, көмек сұрай барған. Қызылжарма каналының ұзындығы 11,8 шақырым, ал оның бойында шамамен 130 мың халық тұрады. Бұл мәселе бойынша «Nur Otan» партия­сының Қызылорда облыстық филиалы төра­ғасының орынбасары Алтынбек Жарыл­қа­сынов мәселені «Қазсушар» РМК меке­месінің басшылығы мен облыстағы су шаруашылығы саласының білікті маманы, Қызылорда қа­лалық мәслихатындағы «Nur Otan» пар­тиясы фракциясының жетекшісі Ж.Нұрымбетовтің қаперіне жеткізген. Шағынаудан тұрғындары «Nur Otan» пар­тиясының Қызылорда облыстық фи­лиалына келіп алғысын білдірді. Ал Шығыс Қазақстан облысы Кеңгірбай би ауылында тұрғындардың өтініші бойынша медициналық учаске ашылды. Ауыл халқы «Nur Otan» партиясы Абай аудандық филиа­лының қоғамдық қабылдау бөлмесіне меди­ци­налық қызмет көрсету мәселесін шешуге көмек көрсетуді сұрап жүгінген. Себебі олар бірнеше жыл бойы медициналық көмек алу үшін өз ауылынан 25 шақырым жерде орна­ласқан көрші Көкбай ауылдық округіне баруға мәжбүр болған. Жедел жәрдемнің келуі де мұңға айналған, қарапайым медици­налық анықтама алу үшін ауыл тұрғындары көлік жалдауға және көрші ауылдық округке баруға мәжбүр. «Nur Otan» партиясының Абай аудандық филиалы аудандық мәслихат депутаттары А.Үркімбаев және А.Балтақаевамен бірлесіп, тиісті шаралар қабылдады. Осылайша, 590 адамға қызмет көрсететін жаңа медициналық учаске жұмысын бастады. Сондай-ақ Маңғыстау облысы Шаңырақ шағынауданындағы көппәтерлі тұрғын үй табиғи газбен қамтылды. Тұрғындар үйге газ жүйесі тартылмаға­нын айтып, әкімдікке өтініш білдірген. Бұл мәселе партия филиалының төрағасы М.Иба­ғаровтың жеке қабылдауында, жылдық қо­рытынды есеп беру кездесулерінде кө­терілген. Мәселені реттеу бойынша қалалық құры­лыс бөліміне тапсырма берілген, нәтижесінде қажетті қаражат бөлініп, газдандыру жұмысы басталды. Мердігер мекеме «ҚазТрансГаз­Аймақ», «РЦКУ» мекемелерімен бірлесіп, 25 ма­мыр күні көппәтерлі тұрғын үй газға қосылды. Партияның баспасөз қызметінің дерегіне сәйкес, жыл басынан бері азаматтардың өтініші негізінде 2 мыңнан астам түрлі рейд ұйымдастырылған. Партия мүшелері – орталық және жергілікті атқарушы орган­дар­дың басшылары 11 мыңнан астам азаматты қабылдаса, ел бойынша партияның қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 60 мыңнан астам өті­ніш түскен.

Серіктес жаңалықтары