335
АҚШ Қытайдың 59 компаниясын қара тізімге енгізді
АҚШ Қытайдың 59 компаниясын қара тізімге енгізді
Джо Байден АҚШ-тың қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін Қытайдың 59 қорғаныс және технологиялық компанияларына инвестиция салуға тыйым салу туралы жарлыққа қол қойды. Бұл туралы Orda.kz Ақ үйдің сайтына сілтеме жасап хабарлады.
АҚШ-тың қара тізіміне Huawei, Қытайдың авиациялық өнеркәсіп корпорациясының авиациялық қозғалтқыштардың ірі өндірушілері, аэроғарыштық ғылым және технологиялар корпорациялары, Қытайдың ұялы байланыс телекоммуникациялық компаниялары тобы, қытай телекоммуникациялық корпорациясы, Қытайдың атом энергетикасы саласында жұмыс істейтін корпорациялары, Қытайдың атом инженерлік корпорациясы және басқалары кіреді.
– Менің ойымша, Қытайдан тыс олардың бақылау технологияларын қолдану қауіпті, себебі оның дереккөзі АҚШ-тан тыс жерде,- делінген.АҚШ азаматтарына аталған қытай компанияларының биржада сатылатын кез келген бағалы қағаздарын сатып алуға немесе сатуға тыйым салынғаны атап өтілді.