Мұғалім оқушыны ақылы олимпиадаға қатысуға мәжбүрлей ала ма? - Министрлік жауап берді

Мұғалім оқушыны ақылы олимпиадаға қатысуға мәжбүрлей ала ма? - Министрлік жауап берді

Мұғалім оқушыны ақылы олимпиадаға қатысуға мәжбүрлей ала ма? - Министрлік жауап берді
ашық дереккөзі
368
Білім және ғылым вице-министрі Шолпан Каринова мектеп олимпиадаларын өткізуге қатысты заңнамалық өзгерістер туралы айтты, деп хабарлайды "ҚазАқпарат".
"Биыл ҚР Білім және ғылым министрінің "жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар конкурстарының (ғылыми жарыстардың), орындаушылар конкурстарының, кәсіби шеберлік конкурстарының және спорттық жарыстардың тізбесін бекіту туралы" бұйрығына өзгерістер енгізілді. Олимпиадаларды ұйымдастыру, өткізу рәсімдерінің объективтілігі мен ашықтығын қамтамасыз ету тәсілдері өзгертілді", - деді Шолпан Каринова ОКҚ брифингінде.
Оның айтуынша, олимпиадалар мен байқауларға қатысу ерікті. Баласының ақылы жарыстарға қатысуы немесе қатыспауы әр ата-ананың өз еркінде.
"Бұл ретте педагогтердің де, мектеп әкімшіліктерінің де, әдістемелік қызметтердің де ақылы іс-шараларды ұйымдастыруға құқығы жоқ, ақылы түрде қатысуға мәжбүрлеуге құқығы жоқ. Егер мәжбүрлеу фактілері болса, білім беру сапасын қамтамасыз ету Комитетінің аумақтық департаменттеріне жүгіну қажет", - деп түйіндеді вице-министр.

Серіктес жаңалықтары