580
Білім және ғылым министрлігі 175 тегін олимпиаданың тізімін бекітті
Білім және ғылым министрлігі 175 тегін олимпиаданың тізімін бекітті
Білім және ғылым министрі мұғалімдер мен білім алушыларға арналған 175 тегін олимпиада мен конкурстың тізімін бекітті. Олар мектепке дейінгі, бастауыш, орта, техникалық және кәсіптік білім берудің барлық деңгейін қамтиды, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
Енді олимпиадалар мектептің мәртебесіне байланысты сараланады. Себебі тізімге ауылдық, сондай-ақ мамандандырылған және жекеменшік мектептер енгізілген. Республикалық олимпиадаларға бастауыш (2-4) және орта (5-6) сынып оқушылары қатыса алады.
«Зияткерлік олимпиадалардың мақсаты – қабілетті дамыту, теориялық білім мен практикалық дағдыларды тереңдету, жеке тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруына жәрдемдесу, дарынды балаларды анықтау үшін жағдай жасау, білім алушыларды халықаралық олимпиадаларға қатысуға іріктеу және дайындау. Айта кету керек, Білім және ғылым министрлігі өткізетін барлық жарыс, оның ішінде зияткерлік олимпиадалар да, шығармашылық әрі спорттық жарыстар да бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі», – деп атап өтті Шолпан Каринова.Сонымен қатар тізімге 33 олимпиада мен конкурс енгізілген, олардың нәтижелері педагогтерді аттестаттау кезінде ескерілетін болады.