213
Еуроодақ Орталық Азияда экстремизмнің өсуіне алаңдайды
Еуроодақ Орталық Азияда экстремизмнің өсуіне алаңдайды
Тәжікстандағы Еуропалық одақ өкілінің басшысы Хидоят Бишчевич Орталық Азия елдерінде тұрақсыздық жайлап, экстремизм мен радикализм ықпалы өсуін қауіпті жағдай деп атады.
Елші бұл жөнінде 11 қазанда Тәжікстанда өтіп жатқан «Радикализм мен экстремизм мәселелерін шешудің жолдары – Орталық Азия көзқарасы» деп аталатын халықаралық конференцияда мәлімдеді. Оның сөздерінше, Ауғанстандағы тұрақсыздық Орталық Азияға, әсірсе Тәжікстанға әсер етіп жатыр.
«Елге демократияны кеңейту арқылы ғана экстремизмнің алдын алуға болады. Тәжікстан терроризм мен экстремизмге қарсы күресте азаматтық қарсы құру тәжірибесін қолдануға болады», - деді ол.
Хидоят Бишчевич сонымен бірге биліктің азаматтық қоғаммен байланыс орнатуы маңызды деп санайды. Бұл мәселеде азаматтық қоғам шет қалмауы тиіс деген ол, еуропалық сарапшылар экстремизм мен радикализмнің алдын алуға ұсыныстарын беруге әзір екенін айтты.
Адвокат Дилафруз Самадова өзінің сөзінде Тәжікстанда экстремизмге қарсы күрестің басты жолы – елдегі адам құқықтарының сақталуы деп есептейді.