Үздік заңгерлер Nur Otan алаңында тегін кеңес береді

Үздік заңгерлер Nur Otan алаңында тегін кеңес береді

Үздік заңгерлер Nur Otan алаңында тегін кеңес береді
ашық дереккөзі
222
«Nur Otan» партиясы Республикалық адвокаттар алқасымен және Қазақстан заңгерлер одағымен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасасты. Соңғы 5 жылда «Nur Otan»-ға 1,2 млн. адам өтінішпен жүгінсе, биыл жыл басынан бері еліміз бойынша қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 74,1 мыңнан астам өтініш түсті. Бұл халықтың партияға деген сенімін көрсетіп, адамдардың мәселелерін шешуде мемлекетке нақты көмектесіп отырғанын айғақтайды. Партияның Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің басшысы Әлия Садырбаеваның пікірінше, азаматтардан келіп түсетін өтініштердің басым бөлігі олардың өз құқықтарын білмеуінде жатыр.
«Өкінішке қарай, жергілікті шенеуніктер көбінесе азаматтардың өтініштерінің мәнісіне бара бермей, құрғақ жауап берумен айналысып, тіпті, істің мәнін түсінуге де тырыспайды. Мәселен, жергілікті бюрократтардың «арқасында» облыста шешілуі тиіс мәселелер республикалық деңгейге, яғни министрліктер мен ведомстволарға дейін шығады. Егер азаматтар өз құқықтарын білетін болса, олар орталық органдардың табалдырығын тоздыруға күшін, жүйкесі мен қаражатын жұмсамай, өз ауданында, қаласында проблемаларды шешуге қол жеткізе алар еді», - деді Әлия Садырбаева.
Ол өтініштерді талдау негізінде партияның Республикалық адвокаттар алқасымен және Қазақстанның заңгерлер одағымен ынтымақтастық туралы меморандумдар жасағанын атап өтті.
«Республикалық қоғамдық қабылдау бөлмесінің алаңында еліміздің үздік адвокаттары мен заңгерлері тегін қабылдау жүргізеді. Күн сайын, дүйсенбіден бейсенбіге дейін еліміздің кез келген азаматы әртүрлі мәселелер бойынша заңгерлік кеңес ала алады. Азаматтардың аса мұқтаж санаттары үшін тіпті тегін заңды сүйемелдеу және сотта өкілдік ету мүмкіндігі де қарастырылған. Қазіргідей нарықтық кезеңде адвокаттық кеңсенің қарапайым өтінішті жазып беруінің өзі көп қаражатты талап етеді. Осындай жағдайда бұл – «Nur Otan» партиясының нақты істерінің бірі. Біз мұнымен тоқтап қалмаймыз, мақтанбаймыз және ерекше алғыс та күтпейміз. Тек өз жұмысымызды атқарамыз. Отандастарымыздың өмірі жайлы және еш қиындықсыз болғанын қалаймыз», - деп атап өтті Қоғамдық қабылдау бөлмесінің басшысы.
Кеңес алуға жазылу үшін Call-орталыққа: 8 800 080 4441 (Қазақстан бойынша қоңырау шалу тегін) нөміріне телефон шалу немесе WhatsApp-қа: 87008004441 нөмірі арқылы жазуға болады.

Серіктес жаңалықтары