212
9 маусым: Елеулі оқиғалар мен ерекше сәттер
9 маусым: Елеулі оқиғалар мен ерекше сәттер
24 жыл бұрын (1993) Алматыдағы Достық үйінде Каспий теңізі айдынының Қазақстанға қарасты табанында геологиялық барлау бағдарламасы жөнінде Халықаралық мұнай компаниялары консорциумы құрылды. Оның құрамына Қазақстан, Италия, АҚШ, Норвегия, Нидерланды, Англия мұнай компаниялары кірді.
24 жыл бұрын (1993) Алматыда, Кино үйінде Төле би деректі фильмінің премьерасы өтті.
22 жыл бұрын (1995) Халықаралық Дидар - Қазақстан журналының бірінші нөмірі жарық көрді.
19 жыл бұрын (1998) Астанада Отан қорғаушыларға арналған болашақ ескерткіштің орнына белгітас орнатылды.
19 жыл бұрын (1998) Астанада Қырғызстан Республикасының Елшілігі ашылды.
15 жыл бұрын (2002) Астанада Венгрияның мәдени күндері өтті.
14 жыл бұрын (2003) Астанада Халықаралық астаналар мен ірі қалалар ассамблеясының отырысы өтті.
12 жыл бұрын (2005) Ақордада Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Еуразия жүрегінде атты жаңа кітабының таныстырылымы болып өтті.
11 жыл бұрын (2006) Алматыда курорт мәртебесіне ие жаңа Жайлау гольф-клубы ашылды. Клубтың ойын алаңдарын Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев пен Алматыда ашылған Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Шетелдік инвесторлар кеңесінің XV мәжілісіне қатысушылар алғашқылардың бірі болып сынақтан өткізіп көрді. Жайлаудың 18 алаңының жалпы аумағы - 82 гектар. 18 ұясы бар гольф-алаң ТМД аумағындағы үздіктердің бірі болып танылып, гольф-курорт әлемдегі ең үздік клубтардың каталогына енгізіліп отыр. Жобаның авторы - аты аңызға айналған гольф шебері Арнольд Палмер негізін қалаған Palmer Course Design Co. компаниясы. Жаңа спорт кешенінің аумағында 38 вилла, 64 пәтерлі бес қабатты тұрғын үй кешені және 3 теннис корты бар. Жаңа клубтың ашылу рәсімі Қазақстандағы осы спорт түрінің 10 жылдығына және Шетелдік инвесторлар кеңесінің XV мәжілісіне орайластырылды.
8 жыл бұрын (2009) Ақмола облысы Ерейментау ауданындағы Торғай ауылының маңында орналасқан түркі дәуірінің Қос батыр ғұрыптық ескерткіші табылды.
Ол ғұрыптық ескерткіш тастан қаланған төрт бұрышты екі қоршаудан тұрады. Екі қоршаудың шығыс жағында тастан қашалған екі батырдың мүсіні бар. Бұл мүсіндер VII-VIII ғасырда жасалған.
7 жыл бұрын (2010) Алматыда Алтын қалам әдеби байқауы жарияланды.
6 жыл бұрын (2011) Таразда ферроқорытпалар зауыты пайдалануға берілді, оны жаңғырту жобасы Жамбыл облысында аймақ үшін жаңа сала - металлургия кәсіпорнын, өнімділігі жоғары, жоғары сапалы, экспортқа бағдарланған, бұл ретте экологиялық қауіпсіз өнімді шығаратын кәсіпорынды құруға мүмкіндік берді.
6 жыл бұрын (2011) Делидегі Қазақстан Елшілігінде Қазақстан Республикасы мен Доминикан Республикасының арасындағы дипломатиялық қатынас орнату бойынша меморандумға қол қойылды.