Біртановтың үйқамақ мерзімі тағы ұзартылды

Біртановтың үйқамақ мерзімі тағы ұзартылды

Біртановтың үйқамақ мерзімі тағы ұзартылды
ашық дереккөзі
268
Бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановтың үйқамақ мерзімі 2021 жылғы 14 шілдеге дейін ұзартылды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"ҚР ҚІЖК-нің 55, 56, 151, 152-баптарын басшылыққа ала отырып, сот қаулы етті: Елжан Амантайұлы Біртановқа қатысты үйқамақ түріндегі бұлтартпау шарасының мерзімі 2021 жылғы 14 маусымнан бастап 14 шілдені қоса алғанда есептелетін 9 айға дейін ұзартылсын. Күдіктінің қорғаушылары мен адвокаттарының өтініштері ескерілмесін", - деді тергеу сотының судьясы Ақмарал Исаева.
8 маусымдағы сот отырысында прокурор Елжан Біртановқа қатысты отбасы мүшелерінен басқа барлық адамдармен кездесуге шектеу қоюды, телефон арқылы сөйлесуге тыйым салуды, "күдіктінің бірқатар заң бұзғанына" байланысты үйден шығуға тыйым салуды сұрады.

Серіктес жаңалықтары