Шымкент кәсіпорындары «Еңбек» бағдарламасының шарапатын көреді

Шымкент кәсіпорындары «Еңбек» бағдарламасының шарапатын көреді

Шымкент кәсіпорындары «Еңбек» бағдарламасының шарапатын көреді
ашық дереккөзі
650
Шымкент қалалық Халықты жұ­мыс­пен қамту орталығы қала аума­ғын­да орналасқан «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағының басқару­шы компаниясы» АҚ және аталған ай­мақтың резиденті AZALA Textile ЖШС-мен жұмыссыз азаматтарды жұ­мыс­пен қамту мақсатында өзара бір­лес­кен меморандумға қол қойды. Қазір «Оңтүстік» АЭА-да 25 жоба іске қо­сылып, жалпы 2 293 жұмыс орны құрыл­ған. Ал 2021-2023 жылдарға дейін 2 000-нан аса жұмыс орны мен тағы 23 жобаны іске қосу жоспарланып отыр. Осы орайда, орталық өкілдері қаладағы ең үлкен кәсіпорындардың біріне айналған тоқыма AZALA Textile фабрикасының бас­шы­лығымен кездесті. AZALA Textile серіктестігі сырттан ши­кі­зат сатып алмайды. Серіктестік өзін-өзі өніммен толық қамтамасыз етуге қау­қар­лы. Қазір мақта зауыты мен жіп, мата дайындау цехы толық қуаттылықпен жұмыс істеп жатыр. Кездесуде «Еңбек» мемлекеттік бағдар­ла­масының тиімділігі түсіндіріліп, атап айт­қанда «Жастар практикасы», «Әлеу­мет­тік жұмыс» бағыттарына мемлекет есебінен ақылы жұмыстарға жұмыссыздарды тарту мақ­сатында келісім жүргізілді. – Кәсіпорын толық қуатында жұмыс істеуі үшін саланың қыр-сырын білетін кәсіби кадрлар керек. Бүгінде мамандар аз, шеберлеріміз бар жұмысшылар келсе үйретеміз. Өндіріс орнына тоқымашылар, тігіншілер, операторлар және дизайнерлер жетіспейді, – дейді кәсіпорын директоры Жанар Көшерова. Техникалық мамандық иелерін кә­сіп­орын­ға тартуды көздеген тоқыма фабри­ка­сы­ның өкілдері мемлекеттік бағдарлама­ның тиімділігіне қызығушылық танытып, алдағы уақытта керек мамандарды жұмыс­пен қамту орталығы арқылы жұмысқа ор­на­ластыруды жүзеге асырмақ. Айта кетсек, тоқыма фабрикасы үдемелі индустриялық-инновациялық даму бағ­дар­ламасы аясында жүзеге асырылған. Ком­па­ния жеңіл тоқыма өнімдерін өндіреді, көр­пе тыстары мен жастық, сүлгілер, ақ­жай­малар мен басқа да тұрмыстық жағ­дайға қажет бұйымдар шығарады. Сонымен қа­тар, еліміздегі тігін цехтарынан ме­ди­ци­налық бетперде жасау үшін фабриканың са­палы маталарына, бөздеріне сұраныс арт­қан. Атап айтқанда, кәсіпорын Шым­кент қаласымен қатар Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Ақтау қалаларынан тапсырыс алып жатыр.

Назгүл НАЗАРБЕКОВА, Шымкент қаласы

Серіктес жаңалықтары