794
Қ.Ясауи атындағы ХҚТУ-да TÚRKISTAN газеті жинағының таныстырылымы өтті
Қ.Ясауи атындағы ХҚТУ-да TÚRKISTAN газеті жинағының таныстырылымы өтті
Түркістан қаласындағы Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде TÚRKISTAN газеті жинағының таныстырылымы өтті.
Биыл Халықаралық қазақ-түрік университетінің 30 жылдық мерейтойы. Айтулы дата қарсаңында TÚRKISTAN газетінің бас редакторы Қуат Әуесбай оқу орнына арнайы барды.
Жиында TÚRKISTAN газеті жинағының таныстырылымы өтті, университет кітапханасына кітаптар топтамасы сыйға тартылды.
Басқосуға университет проректоры Асқар Тұрғанбаев, журналистика кафедрасының оқытушы-профессорлары мен БАҚ өкілдері, студенттер қатысты. Журналистика кафедрасының студенттері сұрақ қойып, тұщымды жауап алды.
– Тәуелсіздікпен құрдас, Түркістанмен қатар дамып, оның негізгі рухани ордасының біріне айналған Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университеті қаланың мәдениетінің дамуына үлкен үлес қосып отыр. Халықаралық университеттің білікті кадр, білікті маман дайындаудағы еңбегі де ерекше. Алдағы уақытта университетпен тығыз байланыс орнатып, бірлесе жұмыс істеуге ниеттіміз, – деді TÚRKISTAN газетінің бас редакторы Қуат Әуесбай.Алдағы уақытта университет пен газет редакциясы арасында әріптестік байланыс нығая түспек. Университетте білім алып жатқан болашақ журналистер газет редакциясына тәжірибе алмасатын болады.