Түркістан тауларында тағы төрт турист адасып кеткен

Түркістан тауларында тағы төрт турист адасып кеткен

Түркістан тауларында тағы төрт турист адасып кеткен
ашық дереккөзі
346
Полицейлер мен құтқарушылар Түркістан облысы тауларында жоғалып кеткен төрт туристі тапты, деп хабарлайды sputnik.kz. Сайрам-Өгем шатқалында төрт адамның жоғалғаны туралы хабарлама полицияға 7 маусымда түскен. Белгілі болғандай, Шымкенттен келген отбасы екі автокөлікпен Безымянный шыңына шыққан. Қарт кісі, ерлі-зайыптылар және екі бала төменде қалған, ал 1981 және 1984 жылдары туған екі ер адам алты және үш жасар ұлымен әрі қарай тауға кеткен, деп хабарлады Түркістан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі.
"Полиция қызметкерлері өтінішті бірден полиция бөліміне тіркеп, полиция қызметкерлері, төтенше жағдайлар департаменті және қорықшылар қатарынан үш мобильді іздеу тобын ұйымдастырды", - деп хабарлады ПД
10 маусымға қараған түні іздеу жұмыстарының нәтижесінде мобильді топтың бірі жоғалған туристерді тапты. Олар тау өзені маңында бағыттарынан адасып кеткені белгілі болды. Түркістан облысының полициясы азаматтарды мұқият болуға және маршруттан шықпауға, жол жүрер алдында туыстарына ескерту керек екенін айтады. Естеріңізге сала кетейік, осы аймақта жоғалған туристер 3 аптадан бері табылмай жатыр.

Серіктес жаңалықтары