433
Жаңа оқу жылында оқушылардың демалысы қысқаруы мүмкін
Жаңа оқу жылында оқушылардың демалысы қысқаруы мүмкін
Білім және ғылым министрлігі орта білім беру ұйымдарында 2021-2022 оқу жылының басталуын, ұзақтығын және демалысын бекіту туралы бұйрықтың жобасын талқылауға шығарды, деп хабарлайды zakon.kz.
Жобаға сәйкес 2021 - 2022 оқу жылы 2021 жылғы 1 қыркүйекте басталады.
Оқу жылының ұзақтығы 1-сыныптарда – 33 оқу аптасы, 2-11 (12)- сыныптарда – 34 оқу аптасы. Мейрам күндеріне түскен сабақтар оқу бағдарламасы мазмұнының кіріктірілуі ескеріле отырып, қайталауға арналған сағаттар есебінен келесі жұмыс күндеріне ауыстырылады. Оқу жылы ішіндегі каникул кезеңдері: 1-11 (12) – сыныптарда: күзгі каникул – 7 күн (2021 жылғы 25-31 қазан аралығында), қысқы – 11 күн (2021 жылғы 31 желтоқсан мен 2022 жылғы 10 қаңтар аралығында), көктемгі – 11 күн (2022 жылғы 21-31 наурыз аралығында); 1-сыныптарда: қосымша каникул – 7 күн (2022 жылғы 7-13 ақпан аралығында). Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі, деп жазылған жоба мәтінінде.Бұйрық жобасы 28 маусымға дейін талқыланады.