1378
Еліміздегі су тапшылығы мәселесін шешуге Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан көмектеспек
Еліміздегі су тапшылығы мәселесін шешуге Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан көмектеспек
Қырғыз Республикасы мен Тәжікстан биылғы жазда елімізге қосымша 645 миллион текше метр су жібереді. Бұл оңтүстік аймақтардағы су тапшылығы мәселесін шешуге көмектеседі. Бұл туралы экология министрі Мағзұм Мырзағалиев айтты, деп хабарлайды "Хабар 24".
Министрдің айтуынша, жергілікті билік фермерлерге түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, барлығына су жеткілікті болуы үшін суды ұтымды пайдалану кестесін жасауы тиіс.
Айта кетейік, Түркістан облысындағы егістік көлемі - 440 мың гектар. Қазір су қажеттілігі артып келеді. Сондықтан көп нәрсе мемлекетаралық Достық, Зах, Ханым каналдары арқылы Сырдария өзеніне құйылатын су көлеміне байланысты, деді министр.Шардара су қоймасының көлемі өткен жылмен салыстырғанда 550 миллион текше метрге кем.
Су тапшылығын болдырмау үшін Сырдарияға қуаты секундына 200 текше метр су келуі тиіс. Сонымен қатар, Өзбекстаннан Достық каналы арқылы секундына 50 текше метр су келуі керек. Бірақ бүгінгі күні біз қажетті көлемнің тек 70% ғана алып отырмыз, дейді "Қазсушар" Түркістан филиалының директоры Мерлан Керімжанов.