Мемлекет басшысы: Қазақстан өз вакцинасын гуманитарлық көмек ретінде ұсынуға дайын

Мемлекет басшысы: Қазақстан өз вакцинасын гуманитарлық көмек ретінде ұсынуға дайын

Мемлекет басшысы: Қазақстан өз вакцинасын гуманитарлық көмек ретінде ұсынуға дайын
ашық дереккөзі
498
Қасым-Жомарт Тоқаев Ислам ынтымақтастығы ұйымының (ИЫҰ) ғылым және технология жөніндегі екінші саммитінің ашылу рәсіміне бейне байланыс арқылы қатысты. «Ғылым, технология және инновация: жаңа белестерге жол ашу» атты тақырып бойынша өткен жиынға Біріккен Араб Әмірліктері төрағалық етті, деп хабарлайды Ақорда. Қазақстан Президенті ИЫҰ-ның ғылым және технология жөніндегі алғашқы саммитінің төрағасы ретінде сөз сөйлеп, Біріккен Араб Әмірліктеріне және ИЫҰ Бас хатшысына виртуалды саммитті ұйымдастырғаны үшін барлық делегацияның атынан алғыс білдірді.  />

Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі жаһандық сын-қатерлер туралы айта келіп, ИЫҰ мемлекеттері мен жалпы әлемді тұрақты әрі өркендеген болашаққа қол жеткізу үшін үйлесімді іс-қимылдар жүргізуге шақырды.

Мемлекет басшысы ислам әлемі ғылыми ой-сананың негізі болғанын еске салды. Оның пайымдауынша, Ұйымның қазіргі тарихи міндеті өмірден өткен ұлы тұлғаларға құрмет көрсете отырып, ғылыми ілгерілеу жолымен алға қадам басу. Президент ұлы ойшыл Әбу Насыр Әл-Фарабидің 1150 жылдығының атап өтілуіне орай ИЫҰ-ға мүше елдердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің 47-сессиясында арнайы қарар қабылдағаны үшін Ұйым мемлекеттеріне алғыс білдірді.

Қасым-Жомарт Тоқаев алғашқы Саммиттің Астана декларациясы мен 2026 жылға дейінгі ИЫҰ бағдарламасының жүзеге асырылуы Ұйымды одан әрі дамытудың өзекті мақсаттары мен міндеттерін дер кезінде айқындауға мүмкіндік бергенін атап өтті. Осыған байланысты Мемлекет басшысы бірқатар нақты ұсыныс айтты.

Президент пандемияға қарсы күрестегі ортақ күш-жігер туралы айта келіп, вакциналарды әділ бөлуге және оларды саяси құрал ретінде пайдалануға жол бермеуге шақырды.

<img src=

Серіктес жаңалықтары