ШҚО-да еліміздегі ең ұзын көпір салынбақ

ШҚО-да еліміздегі ең ұзын көпір салынбақ

ШҚО-да еліміздегі ең ұзын көпір салынбақ
ашық дереккөзі
620
ШҚО-да жаңадан салынатын автомобиль көпірінің орнына капсула салу рәсімі өтті. Бұл туралы "ҚазАқпарат” хабарлады. ШҚО Күршім ауданында Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір өткелінің құрылысы басталды.  width= Қос жолақты автомобиль көпірі Құйған ауылының жанындағы жасанды су қоймасы учаскесінде салынып жатыр. Құрылыстың ұзындығы 1,3 шақырымнан асады. Құрылыс мердігері "ОблШығысЖол" ЖШС жұмысты 2024 жылға дейін аяқтауы тиіс.
- Жобаның стратегиялық маңызы бар. Ол шекара маңындағы аудандарды облыстың басқа өңірлерімен байланыстырады, — деді ШҚО әкімі Даниал Ахметов капсула салу рәсімінде.
Қазір құрылыс алаңында дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр.

Серіктес жаңалықтары