911
Ақтөбе облысында өртенген көліктің ішінде болған екінші бала да көз жұмды
Ақтөбе облысында өртенген көліктің ішінде болған екінші бала да көз жұмды
Кеше Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы Еңбек ту ауылының ауласында тұрған ВАЗ-2106 көлігі өртенді. Көлік ішінде екі бала ойнап отырған. Өрттің неліктен тұтанғаны белгісіз, деп хабарлайды mgorod.kz.
Ақтөбе облыстық полиция департаментінен хабарлағандай, 7 жастағы бала көліктен шығып үлгерген, оның 3 жасар інісі іште қалып қойған.
- 7 жастағы бала 4-дәрежелі күйік алды, жағдайы өте ауыр, облыс орталығынан анестезиолог-реаниматолог және комбустиолог Әйтеке би ауданына шықты,- деп хабарлады кеше облыстық денсаулық сақтау басқармасы.Бала санавиациямен облыс орталығына жеткізілуі керек еді, бірақ ол, өкінішке қарай көз жұмды.