Атырау әуежайы сатуға қойылмақ

Атырау әуежайы сатуға қойылмақ

Атырау әуежайы сатуға қойылмақ
ашық дереккөзі
459
Атырау облысында алдағы жылдары бәсекелес ортаға беру үшін жекешелендіруге жататын ұйымдар белгіленді. Қазіргі күні олардың сауда-саттыққа түсетін жылы да нақтыланып отыр, деп хабарлайды inbusiness.kz. Үкіметтің 2020 жылғы 29 желтоқсандағы №908 «2021-2025 жылдарға арналған жекешелендірудің кейбір мәселелері жөніндегі» қаулысына сәйкес, осы жылдарға арналған «Жекешелендірудің кешенді жоспары» мақұлданған. Нақтылай кетейік, жекешелендіру нысандары екі мекеме арқылы жүргізіледі. Оның ішінде, Атырау облысы әкімдігінің 2021 жылғы 11 ақпандағы №32 «Коммуналдық меншіктің кейбір мәселелері туралы» қаулысымен жекешелендіруге жататын коммуналдық меншіктегі 10 ұйымның сату кестесі белгіленген. Олар: «Атамекен-Атырау» микроқаржы ұйымы, облыстық білім беру басқармасына қарайтын «Қазақстан геологы» емдеу пансионаты, облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасына қарайтын бокс бойынша мамандандырылған спорт клубы, «Атырау су арнасы», «Атырау облысы су арнасы», «Атырау-Жас отау» ЖШС-лары мен Хиуаз Доспанова атындағы Атырау халықаралық әуежайы. Тағы үш мекеме қалалық және аудандық коммуналдық меншіктегі ұйым саналады, олар: «Сарайшық-Атырау» ЖШС, «Индер су» ШЖҚ, «Жылыойсу» КМК. Бұлардың ішінде, Атырау қаласының коммуналдық меншігіндегі «Сарайшық-Атырау» ЖШС биыл 6 сәуір күні екінші саттықта 695 млн.теңгеге кейіннен сатып алу құқығымен 5 жыл мерзімге сенімгерлікпен басқаруға берілген. Бұдан бөлек, «Атырау» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының да тәуелсіз ұйымдардың жарғылық капиталында қатысу үлесі бар. Үкімет қаулысына сәйкес, Қоғамның (ӘКК) Директорлар кеңесі бұл ұйымдардағы қатысу үлесін бәсекелес ортаға беру жөнінде шешім қабылданған. Оған сәйкес, биыл 6 нысан: «Алға», «Алға» мал өсіру кешені», «LUMPAN CASPIAN PHARMACEUTICALS LLP», «Миялы» сервистік дайындау орталығы, «Досжан и Компания», «ИндерТемірЖолы» және «Алға» мал өсіру кешені» ЖШС-лары; 2022 жылы 4 нысан: «Atyrau-Avtopark», «AkzhayikAvtopark», «Байтерек-2013»  және «Нұрлы-тал» ЖШС-лары; 2023 жылы бір нысан: «АТМА - Атырау әуежайы және тасымалдар» АҚ аукционға шығарылмақ. Айта кетейік, Атырау әуежайы да 2023 жылы саудаға шығарылады.  «Атырау» ӘКК 2014 жылдан бері жекешелендірудің екінші толқынына қатысып келеді. Осылайша, 2014-2015 жылдары 4 тәуелді компаниядағы 3 252,7 мың теңгеге бағаланған Қоғам үлесі 6 124,0 мың теңгеге сатылды.
2015 жылы 2016-2020 жылдарға арналған Жекешелендірудің кешенді жоспары қабылданды. Сөйтіп, 2016-2017 жылдары  сегіз, оның ішінде, бір еншілес және жеті тәуелді компаниядағы қатысу үлесі жекешеленді. Олар 79 188,9 теңгеге бағаланып, 98 318,6 мың теңгеге сатылды», - дейді мекеменің активтерді басқару және еншілес-тәуелді ұйымдарды басқару департаментінің директоры Нұрлан Қаппазов.
 

Серіктес жаңалықтары