428
Сауд Арабиясында әйелдерге жалғыз тұруға және өз бетінше саяхаттауға рұқсат етілді
Сауд Арабиясында әйелдерге жалғыз тұруға және өз бетінше саяхаттауға рұқсат етілді
Сауд Арабиясында тұрмысқа шықпаған әйел адамдарға жалғыз тұруға және саяхаттауға рұқсат етілді, деп хабарлайды independent.
Ел билігі әйелдерге қатысты заңды өзгертті. Бұрын тұрмысқа шықпаған ересек әйел адамды ер адам қамқорлыққа алатын.
Енді заңда ересек әйелдің қай жерде өмір сүретінін таңдауға құқығы бар екені жазылған.
Алайда бұл тек тұрмысқа шықпаған әйел адамдарға қатысты.