547
Қырғыз Республикасының бұрынғы вице-премьері ұсталды
Қырғыз Республикасының бұрынғы вице-премьері ұсталды
Қырғыз Республикасының бұрынғы бірінші вице-премьері Тайырбек Сарпашев ұсталды, деп хабарлайды 24.kg.
Қырғыз Республикасы ҰҚК мәліметі бойынша, бұрынғы бірінші вице-премьер Тайырбек Сарпашев елдің жоғары саяси басшылығымен және канадалық "Центерра" компаниясы өкілдерімен сөз байласып, "Құмтор" кенішінде орналасқан мұздықтардың экологиялық қауіпсіздігіне нұқсан келтіретін қылмыстық әрекеттер жасады деп айыпталған. Іске қатысты соталды іс жүргізу белгіленген.
15 мамырда "Кумтор Голд Компани" кеңселерінде тінту жүргізілді. Қырғыз Республикасы МҰҚК басшысы Қамшыбек Ташиев "Құмтор" кенішіне қатысты төрт қылмыстық іс қозғалғанын айтты.
Қылмыстық іске қатысты парламенттің бұрынғы және қазіргі депутаттары Торобай Зұлпықаров, Исхак Пірматов және Талант Ұзақбаев МҰҚК тергеу изоляторына екі айға қамауға алынған. Сот шешімі бойынша бұрынғы премьер-министр Омурбек Бабанов пен парламенттің бұрынғы спикері Асылбек Жээнбеков те қамауда отыр.