50252
"Мен үйде тамақтанбаймын". Атырау облысының әкімі азық-түлік бағасының шарықтауына байланысты пікір білдірді
"Мен үйде тамақтанбаймын". Атырау облысының әкімі азық-түлік бағасының шарықтауына байланысты пікір білдірді
Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте азық-түлік бағасының тым шарықтап кетуіне байланысты пікір білдірді.
Ақжайық сайтының жазуынша, баспасөз мәслихаты кезінде әкімге "Отбасыңыз азық-түлік алуға айына қанша теңге жұмсайды?" деген сұрақ қойылған.
Махамбетовтің сөзінше, оның отбасы астанада тұрады екен.
"Өзім Атырауда тұрғаныммен, балаларым Нұр-Сұлтан қаласында тұрады, немерелерім де сонда. Әйелім кейде балалардың қасында, кейде осында. Мен үйде тамақтанбаймын", - деді облыс әкімі.
Оның айтуынша, ол облыстағы жағдай жайлы хабардар. Картоп пен сәбіз бағасының қымбаттауы маусымдық кезеңге байланысты.
"Қазір картоп Қазақстанның оңтүстігі мен көршілес Ресейден әкелінеді. Оның бағасы едәуір төмендеді, қазір 310 теңгеден сатылуда... Атырау облысы картоппен тек 44%-ға қамтылған. Көкөністің бағасын ұстап тұру мүмкін емес, бұл саудаға кері әсерін тигізеді", - деді ол.