«Мұнара» газеті журналистер арасында үстел теннисінен турнир өткізді

«Мұнара» газеті журналистер арасында үстел теннисінен турнир өткізді

«Мұнара» газеті журналистер арасында үстел теннисінен турнир өткізді
ашық дереккөзі
50215
Елордада «Мұнара» рухани-танымдық газетінің ұйымдастыруымен БАҚ қызметкерлерінің мерекесі қарсаңында журналистер арасында үстел теннисінен турнир өтті. Мақсаты – журналистермен тығыз байланыс орнатып, ынтымақтастықты арттыру, салауатты өмір салтын насихаттау және мерекелік көңіл-күй қалыптастыру.  width= Еліміздің бас қаласында қызмет етіп жүрген баспасөз саласының 16 өкілі турнир көрігін қыздырып, тартысты ойын өрнегін көрсетті. Топтық кезеңнен қара үзіп шыққан 8 мықты өзара бас жүлдені сарапқа салды.  width= Нәтижесінде жылдам әрі тартымды ойнаған «Қазақ радиосының» дикторы Мұхаммедәли Болатұлы қарсылас шақ келтірмей, жеңімпаз атанды. Ал оған сәл ғана ұпайы жетпей қалған «Qazaqstan» ұлттық арнасының тілшісі Оңғар Алпысбайұлы екінші орынды місе тұтса, үшінші орын «Егемен Қазақстан» газетінің журналисі Алмас Манапқа бұйырды. Қалған бес қатысушыға ынталандыру сыйлықтары берілді. Жеңімпаздарды марапаттаған ҚМДБ Баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы мен «Мұнара» газетінің бас редакторы Серікбол Хасан турнирге қатысушыларға алғыстарын білдірді.

Серіктес жаңалықтары