436
Парламент мәжілісінің бұрынғы депутаты өмірден өтті
Парламент мәжілісінің бұрынғы депутаты өмірден өтті
Парламент мәжілісінің бұрынғы депутаты Тарас Хитуов өмірден өтті, деп хабарлайды YEDILOV ONLINE Тelegram каналы.
"ҚазМұнайГаз Ұлттық компаниясы" омбудсмені Тарас Хитуов 57 жасында дүниеден өтті. Отбасы мен достарына қайғырап көңіл айтамыз" делінген хабарламада.Тарас Хитуов 1964 жылғы 4 ақпанда Маңғыстау облысының Форт-Шевченко қаласында дүниеге келген. Ленин атындағы Қазақ политехникалық институтын инженер-механик мамандығы бойынша бітірген. Еңбек жолын 1986 жылы Маңғыстау облысының Ақтау қаласындағы пластмасса зауытының аппаратура жабдығын жөндейтін слесары болып бастаған. 1988-1990 жылдары Маңғыстау облысының Ақтау қаласындағы пластмасса зауытының ауысым шебері, техникалық қадағалау бөлімінің жетекші инженері болған. 1990-1991 жылдары "Ақжол" ЖШС технологы, 1991-1993 жылдары "Маңғыстау" бизнес-орталығының менеджері, 2000-2001 жылдары Павлодар мұнай-химия зауытының цех бастығының орынбасары қызметтерін атқарған. 2016 жылғы 24 наурыздан 2020 жылғы желтоқсанға дейін VI шақырылымдағы мәжіліс депутаты болған. Қазірге дейін "ҚазМұнайГаз" Ұлттық компаниясы омбудсмені болған.